Құстар күні
Әр көктем сайын біз қанатты достарымызды құс үйшіктермен, жемге толған қоректендіргіштермен қарсы аламыз.Сонымен қатар қоныс аударатын құстарға арналған мектебімізде әр түрлі іс-шаралар өткіземіз. "Құстар-біздің достарымыз" атты сынып сағаты барысында оқушылар өз сүйікті құстар туралы әңгімелерін айтып, суреттерін салып кроссвордтар мен ребустарын шешті.
Ата-аналар өз балаларымен бірге жасалған құс үйшіктері мен қоректендіргіштер арасында ең жақсы жасалғаны анықталып,барлығы тәтті сыйлықтармен марапатталған.Содан кейін оқушылар өз әкелерімен бірге мектеп саябағының ағаштарына сол құс үйшіктерін және қоректенгіштерді іліп қойыпты
31.03.2023
0